Оқушы қыздар құрдасына қысым көрсетіп, ақша бопсалаған

Алматы облысы Полиция департаменті оқушы қыздан ақша бопсалаған кәмелетке толмаған қыздарды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Арман Мухатов  -архив 27 Қыркүйек 2024 2024, 09:47
27 Қыркүйек 2024 2024, 09:47
1105
Фото: -архив

Алматы облысы Полиция департаменті оқушы қыздан ақша бопсалаған кәмелетке толмаған қыздарды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Қарасай ауданының полиция қызметкерлері 15 жастағы оқушыдан ақша бопсалауға қатысы бар кәмелетке толмаған қыздардың ата-аналарын анықтап, жауапкершілікке тартты. Тергеу барысында кәмелетке толмаған қыздардың құрдасына психологиялық қысым көрсетіп, одан ақша талап еткені анықталды, - деді ол.

Құқық бұзушылардың жасын ескере отырып, полиция ата-аналарын бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тарту бойынша жұмыс жүргізді. Бұл факт Қарасай ауданының ПБ-да тіркелді, іс материалдары одан әрі қарау үшін сотқа жөнелтілді.

Қазіргі уақытта ювеналды полиция қызметкерлері тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ болашақта мұндай жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жалғастырып жатыр.

Наверх