Қазақстан мектептерінде қолданылатын оқулықтарды толық сараптау барысында 700-ге жуық қате анықталған. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова тамыз конференциясынан кейін журналистерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп оқулықтарының мазмұны толық қаралғанын айтты. Сараптау барысында облыстардың дұрыс белгіленбеуі, кейбір тарихи даталардың нақтыланбауы сияқты елеулі қателер анықталған.
Біз кезең-кезеңімен жаңа мазмұндағы оқулықтарды басып шығаруды бастап кеттік. Қазір 7 және 11-сыныптардың оқулықтары басылып болды. Енді 9, 8 және 4-сыныптардың оқулықтары сәуір айына дейін басылып шығатын болады, – деді Сүлейменова тамыз конференциясынан кейін журналистерге берген жауабында.
Министрдің айтуынша, оқулық шығаратын 15 баспаның өнімдері жеке-жеке қаралған. Оның сөзінше, тексеру барысында «жаға ұстататын» қателер де анықталған.
Енді анықталған кемшіліктердің барлығы кезең-кезеңімен түзетіліп, оқулықтар жаңартылмақ.
Еске салайық, бұған дейін Оқу-ағарту министрі жаңа Конституцияға сай оқулықтар қашан жеткізілетінін айтқан болатын.
Тағы оқи отырыңыз:
ЖИ нейрожелілерді үйрету үшін Германиядағы ескі кітаптарды жаппай сатып ала бастады
Оқулықтардан 700-ден астам қате табылды: Балаева мектеп кітаптарын жаппай жаңарту жоспарын жариялады
Қазақстанда қай сыныптардың оқулықтары жаңаратыны белгілі болды