Бұл туралы Республикалық ақпараттық штабта Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жаңа оқу жылында барлық педагог пен мектептің оқу процесіне дайын болуы үшін министрлік төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан кейін уәкілетті органдармен бірлесіп су тасқынынан зардап шеккен педагогтердің тізімін жасайды, - деді ведомствоның баспасөз хатшысы.
Төтенше жағдай жарияланған өңірдің педагогтері аттестаттаудан Оқу-ағарту министрлігі белгілеген жекелеген мерзімдерде өтетінін еске сала кетейік. Тасқын су салдарынан баспанасыз қалған педагогтер үшін аттестаттаудан өту келесі жылға ауыстырылады.