Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге үндеу жасады

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
3 Шілде 2025, 12:35
1072
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Оқу-ағарту министрлігі соңғы уақытта мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған «Педстарт» атты олимпиаданың ақылы негізде өткізілетіні жөніндегі ақпаратқа қатысты ресми түсінік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, министрліктің бұл олимпиаданы ұйымдастыруға және өткізуге ешқандай қатысы жоқ. Аталған ақпарат шындыққа жанаспайды.Министрліктің фирмалық бланкін заңсыз пайдаланып, жалған хабарлама таратқан тұлғалардың әрекеті – заңға қайшы. Осыған орай, білім беру ұйымдарының басшыларын және педагогикалық ұжымдарды қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және Оқу-ағарту министрлігі ұсынбаған, ақылы әрі күмәнді олимпиадалар мен байқауларға қатысуға жол бермеуге шақырамыз, – деді -ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы.

Ведомство ресми түрде бекітілген олимпиадалар мен байқаулардың тізімі №514 бұйрықпен бекітілгенін еске салды. Тек осы тізімге енгізілген іс-шаралар ғана педагогтердің аттестациясы кезінде есепке алынады.

Министрлік барлық педагогтерді сақ болуға шақырып, осындай жағдайлар анықталған кезде дереу өңірлік білім беру ұйымдарына немесе Білім саласында сапасын қамтамасыз ету комитетіне хабарласуды сұрайды.

Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге үндеу жасады
Өзгелердің жаңалығы