Оқу-ағарту министрлігі "Күнделік" жүйесіндегі ұятсыз жарнамаларға қатысты түсінік берді

Бөлісу:
Оқу-ағарту министрлігі "Күнделік" жүйесіндегі ұятсыз жарнамаларға қатысты түсінік берді

Оқу-ағарту министрлігі "Күнделік" жүйесіндегі ұятсыз жарнамаларға қатысты шағымға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқу-ағарту вице-министрі Арай Уразова "Күнделік" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне қатысты түсінік берді.

Оқу-ағарту министрлігіне ата-аналардан "Күнделік" электрондық журналындағы жарнамалық контентке қатысты көптеген шағым түскен.

Барлық білім беру технологиялары мен EdTech саласындағы жүйелер, соның ішінде ААЖ “Күнделік” Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс жүргізеді. Алайда бұрын министрлік атына ата-аналар қауымдастығынан ААЖ “Күнделік”-тегі жарнамалық контентке қатысты көптеген шағым келіп түскен болатын. Бұл контент оқушылардың жас ерекшеліктері мен психоэмоционалдық жағдайларына сәйкес келмеген. Сонымен қатар ААЖ "Күнделік" тарапынан міндеттемелердің орындалмау жағдайлары болды, бұл мәселе жүйе әзірлеушілерімен бірнеше рет талқыланды. Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру қажеттілігіне назар аударып, келісім жүргізілді, - деді вице-министр.

Оның сөзінше, министрлік "Күнделік" жүйесіне еліміздің аумағындағы барлық білім беру сервистеріне тең қолжетімділік беретін мемлекеттік серверлерде хостинг ұйымдастыру және интернет-ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Ақпараттық жүйелер саласындағы барлық өзгеріс пен жаңалық заң талаптарын сақтай отырып және білім беру үдерісіне барлық қатысушының мүдделерін ескере отырып жүзеге асырылады.

"Білім туралы" заңға сәйкес, жергілікті атқарушы органдарға қарасты мектептер EdTech саласындағы білім беру технологиялары мен жүйелерін өз бетінше таңдау құқығына ие екенін атап өткен жөн. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) хабарламасына байланысты, министрлік барлық қажетті міндеттемелерді уақтылы орындап, толық көлемде түсіндірме берді. Қазіргі уақытта жағдай реттелді. Министрлік оқушылар, педагогтер және ата-аналар мүддесі үшін білім беру ұйымдарын сапалы әрі қауіпсіз цифрлық құралдармен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады, - делінген Уразованың ресми жауабында.

Өзгелердің жаңалығы