Чехия астанасы Прагадан шығысқа қарай 135 шақырымда орналасқан Поличка қаласының маңында оқ-дәрі өндіретін зауытта жарылыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
DW таратқан ақпаратқа сүйенсек, бір адам жараланып, ауруханаға тікұшақпен жеткізілген.
Полиция оқиға аумағын қоршауға алып, көшелерді жапты. Кәсіпорынның барлық қызметкері эвакуацияланды, - делінген құтқару қызметі таратқан хабарламада.
Жарылыстың алдын ала себебі ретінде өндірісте техникалық ақаулықтың болуы айтылды.
Зауыт артиллериялық оқ-дәрілер өндіріп қана қоймай, жаяу әскердің ескі ұрыс машиналарын, танктер мен гаубицаларды жөндеумен айналысады.