OPEC+ мұнай өндіру көлемін арттырады

Жоспарланған өсім бұрынғы ай сайынғы қарқыннан жоғары болады.

 gov.kz Бүгiн 2026, 21:20
Бүгiн 2026, 21:20
118
Фото: gov.kz

OPEC+ елдері келесі айда мұнай өндіру көлемін арттыруға келісті. Альянс делегаттарының мәліметінше, негізгі қатысушылар – Сауд Арабиясы мен Ресей өндірісті тәулігіне 206 мың баррельге көбейтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Bloomberg-тің мәліметінше, альянс ішіндегі келіссөздер жабық форматта өтіп жатыр, ал делегаттар анонимдік шартпен пікір білдірген.

Бұл шешім АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққыларынан кейін Таяу Шығыстағы жағдайдың күрт шиеленісуі аясында қабылданып отыр. Қақтығыс мұнай бағасының өсуіне түрткі болуы мүмкін, - делінген хабарламада.

Төртінші тоқсанда мұнай өндіру көлемі тәулігіне небәрі 137 мың баррельге ғана артқан болатын. Ал бірінші тоқсанда бірқатар ел өндірісті ұлғайтуды іс жүзінде уақытша тоқтатқан.

Жағдайды Ормуз бұғазы маңындағы ахуал да күрделендіріп отыр. Бұл – әлемдік мұнай жеткізілімінің негізгі бағыттарының бірі. Қақтығыс салдарынан ол аймақта кеме қозғалысы айтарлықтай азайған. OPEC+ елдерінің алдағы қадамдары, ықтимал, өңірдегі жағдайдың қалай өрбитініне байланысты болады.

Наверх