Оңтүстікте 4 метрлік үнді марихуанасын отырғызғандар анықталды

15 Тамыз 2022, 11:39
1175
Бөлісу:
Оңтүстікте 4 метрлік үнді марихуанасын  отырғызғандар анықталды

Оңтүстік облыстарда құмды шалғай аудандарда сабағының биіктігі 4 метрге жететін үнді марихуанасының плантациялары анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы ІІМ Есірткі кылмысына карсы іс-кимыл департаментінің өкілі Данияр Оралов айтты. 

Оңтүстік облыстарда құмды шалғай аудандарда сабағының биіктігі 4 метрге жететін үнді марихуанасының плантациялары анықталды. Мұндай дақылдарға қызмет көрсету үшін қылмыскерлер қоймаларды жабдықтап жатыр, өсімдіктерді тамшылатып суару жүйесін пайдаланып жатыр. Мұндай алқаптарға назар аудармау үшін жұмысшылар мамырдан қазанға дейін жұмыс орнында болады, Оларға мезгіл-мезгіл азық-түлік пен қажеттінің барлығы жеткізіледі, - деді Оралов. 

Ол атағандай, осындай фактілерді анықтау мақсатында маусым-қазан айлары аралығында Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұланның арнайы жасақтарымен бірлесе отырып, Қызылорда облысы мен іргелес облыстарға тікұшақпен ұшуды жүзеге асырған.

«Қарасора» ОПМ-ын ұйымдастыру мен өткізуге Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс министрлігінің және «Ғарыш Сапары» АҚ-ның күштері мен құралдары да жұмылдырылған, - деді ол.

Сондай-ақ ол әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында есірткі мен психотроптық заттардың таралуына қатысы бар 1606 веб-сайттар, аккаунттар және басқа да ресурстар анықталып, бұғатталғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы