Биыл Қостанай облысында, негізінен оңтүстік және батыс өңірлерде шегірткенің белсенділігі байқалады, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин жағдаймен танысу және шегірткеге қарсы іс-шаралардың барысын бақылау үшін облыстың оңтүстік аудандарындағы АШТӨ алқаптарына барды.
Шегірткеге қарсы іс-шаралар облыстың 17 ауданының 15 жүргізілетін болады. Егістіктерді өңдеу және зиянкестердің бүкіл аумаққа жаппай таралуын болдырмау үшін қажетті пестицидтер қоры алдын ала жеткізілді, - дейді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.
Химиялық өңдеуге кемінде 72 бірлік техника тартылатын болады.
Сондай-ақ АӨК-ті қолдау аясында Үкімет өңірге қосымша 20-дан астам бүріккіш дрондарды жеткізуді жоспарлап отыр.
Бұл шара көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы және тиімді жүргізу және шығынсыз егін жинау үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.