Оңтүстік-Шығыс Азияға демалысқа барған әйел қауіпті инфекция жұқтырды

Бүгiн, 08:18
121
Бөлісу:
Оңтүстік-Шығыс Азияға демалысқа барған әйел қауіпті инфекция жұқтырды
Фото: pixabay.com

Америкалық турист әйел Оңтүстік-Шығыс Азиядан демалыстан келген соң өлім аузынан аман қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Doctorpiter таратқан ақпаратқа сүйенсек, бірнеше емхананың дәрігерлері оған бірден диагноз қоя алмай, ақырында миынан паразитті анықтаған.

Үш апта бойы Таиланд, Жапония мен Гавайды аралаған турист теңіз өнімдері және жергілікті жеңсік аспен тамақтанған.

Саяхаттан оралған соң мазасы қашқан оның күн өткен сайын жағдайы нашарлай береді.

Арқасы, кеудесі, іші мен қолы ашып ауырған әйелдің қан талдамасында паразиттік инфекция жұқтырғанға тән аллергиялық ауру көрініс береді.

Ем нәтижесіз болып, оның жағдайы нашарлай береді. Дәрігерлер әңгімелесу барысында әйелдің жергілікті ұлудың дәмін татқанын анықтайды. Оған ангиостронгилез – паразиттік инфекция жұқтыру диагнозы қойылады.

Олар инфекция гавайлық мейрамханалардың бірінде жеген жартылай шикі ұлудан жұққан болуы мүмкін деп топшылады. Бақытына орай, әйел дер кезінде диагноз қойылып, ауруханадан жазылып шыққаны айтылды.

Еске салайық, адам организміне түскен соң инфекция қан немесе шеткі жүйке талшықтары арқылы орталық жүйке жүйесін зақымдайды. Аяқ-қол ашып ауырып, бас ауырсынуы, ақыл-естің шатасуы, энцефалопатия, сіңір тартылу, ми невропатиясы, көру қабілетінің нашарлауымен жалғасуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы