Еліміздің оңтүстігінде суармалы судың шығыны азайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
Мұндай нәтижеге ирригация және дренажды жүйелерді жетілдіру бойынша жобаның нәтижесінде қол жеткізу мүмкін болған.
Атап айтқанда, жоба Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында 105,1 мың га аумақта іске асырылып жатыр.
Суармалы суды үнемдеу және тиімді пайдалану – қазіргі уақытта министрліктің назарындағы басым бағыттардың бірі. Әсіресе, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде өте өзекті. Сонымен қатар, ведомство Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында 3500 шақырым суару желілерін цифрландыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, – деді сала министрі Нұржан Нұржігітов.
Жобаны жүзеге асыру басталғаннан бері 74,5 мың га суармалы жерге су беру жақсарды, ирригациялық желілердегі су шығыны 193 млн текше метрге дейін азайды.