Оңтүстік өңірдегі жердің жартысына жуығы қалпына келтіруді қажет етеді – агромамандар 

31 Мамыр 2022, 20:25
1672
Бөлісу:
Оңтүстік өңірдегі жердің жартысына жуығы қалпына келтіруді қажет етеді – агромамандар 

Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның оңтүстігіндегі ауыл шаруашылығы алқаптарының 40 пайызы сортаң, ол жерлер қалпына келтіруді қажет етеді. 

Бұл туралы Тараз қаласында өткен «Тозған суармалы жерлердің өнімділігін жедел қалпына келтірудің инновациялық және практикалық шешімдері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда айтылды.

Сала мамандарының пайымынша, климаттың өзгеруі, Орта Азиядағы ауаның орташа температурасының жоғарылауы, суармалы су тапшылығының өсуі, басқа да табиғи және техногендік факторлар агросекторда жоғары технологияларды қолдануды және қолда бар ресурстарға ұқыпты қарауды талап етеді.

«Қазақстандағы суармалы жерлердің жай-күйін талдау қарашірік қорының азаюы, уытты тұздардың көбеюі, топырақтың сілтіленуі мен сортаңдануы, дұрыс суарылмауы салдарынан топырақтың өнімділігі жылдан жылға төмендеп келе жатқанын көрсетеді. Суармалы жерлердегі дақылдардың орташа өнімділігі басқа елдермен салыстырғанда аз деуге келеді. Дақылдардың негізгі түрлері бойынша Қазақстандағы өнімділік деңгейі дамыған елдерге қарағанда, шамамен екі-төрт есе төмен», - деді «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, академик Нұрлан Балғабаев.

Ол еліміздің оңтүстігіндегі ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер қорына байланысты пікірлерін де жеткізді. Қазір Қазақстанның оңтүстігінде 110 мың гектардан астам қатты тұздалған, орташа тұздалған 280,5 мың гектар жер болса, нашар тұздалған – 281,3 мың гектар, ал тұздалмаған 883,9 мың гектар жер бар. Яғни, суармалы жерлердің 40 пайыздан астамы тұзданудың белгілі бір деңгейіне ие, бұл дақылдардың өнімділігі мен жер құнарлылығының төмендеуіне әкеледі.

«Бұл өзгерістердің ауқымдылығы суару технологиясына, егіншілік жүйесіне, өңделетін дақылдардың құрамына, олардың су тұтынуына, суармалы сулардың сапасына және топырақтың антропогендік жүктемелерге төзімділігіне байланысты. Сондықтан тозған топырақты түбегейлі жақсарту жөніндегі іс-шаралар жүйесі қолжетімді химиялық мелиоранттарды (фосфогипс сияқты) енгізу кезінде алмасу реакцияларын жеделдетуді, қажетті органикалық заттармен қамтамасыз етуді, тиімді агротехнологияларды және суарудың оңтайлы режимдерін қолдануды көздеуі тиіс. Ұсынылатын іс-шараларды оңтайландыру тозған топырақты жақсартуды қамтамасыз етеді және фермерлік шаруашылықтар мен агробизнес қызметінің экономикалық тиімділігін арттырады», - деп атап өтті спикер.

Көріп отырғанымыздай, қазіргі ахуал фермерлерден де, барлық деңгейдегі биліктен де белсенді әрекеттерді талап етеді. Мәселен, фосфогипс қоры, оның 7-10 тоннасы бір гектарға жуық тұзданған жердің қасиеттерін жақсы жаққа өзгертеді. Ал Жамбыл өңірінде фосфогипстің өте үлкен қоры. 

«Фосфогипс – бұл үлкен химия өндірісінің қалдықтары және оның бұрынғы "Химпром" маңындағы қоқыс-үйіндісі өте үлкен – 14,7 миллион тоннаны құрайды! Химиктер оны ауыл тұрғындарына іс жүзінде бекерге тоннасына бір теңгеден ұсынып отырған жоқ», - деп атап өтті конференцияда «Қазфосфат» ЖШС маркетинг, іске асыру және логистика департаменті директорының кеңесшісі Ербол Құлжабаев. 
Алайда, тыңайтқышты ауыл тұрғындарына тасымалдап алу өте қымбатқа түседі. Өйткені, 1 гектар жерге қажетті тыңайтқышты шығару үшін ондаған тонна фосфогипс керек. 

Айта кетейік, конференцияның негізгі мақсаты ауыл шаруашылығын тұрақты дамытудың, су және жер ресурстарын ұтымды пайдаланудың, мелиорация мен суарудың инновациялық технологияларын қолданудың, экономика мен экология проблемаларының өзекті мәселелері бойынша ғылыми пікір мен тәжірибе алмасу болды. Жиынға онлайн және офлайн режимінде Еуроодақ, Ресей, Орталық Азия және Кавказ елдерінің су шаруашылығы саласының жетекші ғалымдары мен мамандары қатысты.
 

Өзгелердің жаңалығы