Оңтүстік Кореяның жаңа президенті ант берді

10 Мамыр 2022, 15:34
3100
Бөлісу:
Оңтүстік Кореяның жаңа президенті ант берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Оңтүстік Кореяда президент сайлауы 9 наурызда өтті. «Азаматтық күштердің» кандидаты Юн Сок Ёль 48,56% дауыс жинап, жеңіске жетті.

Юн Сок Ёль ант қабылдап, Корея Республикасының президенті қызметіне кірісті.

Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Президенттің ұлықтау рәсімі жоспарланғандай жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 08:00) басталды.

Салтанатты іс-шараға 40 мыңға жуық адам шақырылды.

Юн Сок Ёль штаб бастықтарының біріккен комитетінің өкілдерімен кездесуден кейін түн ортасында президенттік қызметін бастады.

Оңтүстік Кореяда президент сайлауы 9 наурызда өтті. «Азаматтық күштердің» кандидаты Юн Сок Ёль 48,56% дауыс жинап жеңіске жетті. Оның басты бәсекелесі биліктегі «Тобуро» демократиялық партиясынан шыққан Ли Чжэ Мён 47,83% дауыс жинады.

Өзгелердің жаңалығы