Оңтүстік Кореяның визасын алып беремін деп алдаған түркістандық сотталды

7 Наурыз 2025, 12:25
683
Бөлісу:
Оңтүстік Кореяның визасын алып беремін деп алдаған түркістандық сотталды
Фото: архив

Түркістан облысында алаяқ 2023-2024 жылдар аралығында 23 жәбірленушіден Оңтүстік Кореяға жұмыс визасын жасап беремін деп алдап, 92 020 000 теңгесін алған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді. Өз кезегінде алаяқ 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ 23 жәбірленушілердің азаматтық талап қоюлары қанағаттандырылды. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы