Оңтүстік Корея соты бұрынғы премьер-министр Хан Дак Суны елде әскери жағдайды заңсыз енгізуге қатысқаны үшін 23 жылға бас бостандығынан айырды. Сот бұл әрекетті бүлікке тең деп бағалады, деп хабарлайды BAQ.KZ АР агенттігіне сілтеме жасап.
Үкімге сәйкес, Хан сол кездегі президент Юн Сок Ёльдің әскери жағдай енгізу жөніндегі шешіміне рәсімдік заңдылық беруге тырысып, көтерілісте шешуші рөл атқарған. Сонымен қатар ол әскери жағдай туралы жарлықты бұрмалап, жойғаны және жалған ант бергені үшін де кінәлі деп танылды.
Сот шешімінде әскер мен полицияны Ұлттық жиналыс пен сайлау органдарына жіберу Конституциялық құрылымды бұзуға бағытталған ауыр әрекет болғаны айтылды. Судьяның пікірінше, бұл қадам елді диктатура кезеңіне қайта әкелу қаупін тудырған.
Хан Дак Су айыптаулармен келіспей, президенттің жоспарына қарсы болғанын мәлімдеді. Ол үкімге шағым түсіруге ниетті.
Бұл іс экс-президент Юн Сок Ёльге қатысты қозғалған көтеріліс жөніндегі басқа сот процестері үшін маңызды прецедент болуы мүмкін.