Оңтүстік Кореяға заңсыз жұмыс істеуге барған екі қазақстандық сотталатын болды

10 Сәуір 2023, 16:26
1406
Бөлісу:
Оңтүстік Кореяға заңсыз жұмыс істеуге барған екі қазақстандық сотталатын болды
Фото: СІМ

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, ұсталған Қазақстан азаматтарына қазіргі кезде 3 айып тағылып отыр. Олар елге заңсыз кіру, елде заңсыз болу және әуежайы объектілері мен оның ғимараттары туралы заңды бұзу.

Қазіргі уақытта олар Инчхон қаласының Көші-қон орталығындағы тергеу изоляторында қамауда отыр. Оңтүстік Корея заңнамасына сәйкес, тергеу шаралары 3 айға дейін созылуы мүмкін. Осыған орай іс Прокуратураға жіберіледі. Осыған байланысты тергеу мүддесі үшін Оңтүстік Кореяның құзыретті органдары істің егжей-тегжейін ашпай отыр, - деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі жергілікті құқық қорғау органдары және ұсталған қазақстандықтардың туыстарымен тұрақты байланыста.

Сонымен қатар Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматтарын жаппай жұмыстан шығарылып жатқаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Бұл оқиға ресми жұмыспен қамтылған Қазақстан азаматтарына еш әсер еткен жоқ, - деді СІМ ресми өкілі.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 24 наурызда Инчхон әуежайында паспорттық бақылау өту барысында Ташкенттен келген 2 Қазақстан азаматына Оңтүстік Кореяға кіруге бас тартылды. Олар депортациялауды күту үшін арнайы бөлмеге орналастырылған. Алайда түнде қазақстандықтар қашып, Оңтүстік Корея аумағына заңсыз кірген. 26 наурызда бір Қазақстан азаматы ұсталды, ал 29 наурызда екінші қазақстандық өз кінәсін мойындап, өз еркімен берілді.

Өзгелердің жаңалығы