Оңтүстік Кореяға барып жұмыс істегісі келетіндер арнайы курстан өте алады

26 Қаңтар 2024, 12:31
362
Бөлісу:
Оңтүстік Кореяға барып жұмыс істегісі келетіндер арнайы курстан өте алады
Фото: Артём Чурсинов -архив

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев шетелде жүрген қазақстандықтардың құқықтары қалай қорғалатынын айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі уақытта еңбек көші-қоны саласында 10 келісім қолданыста бар. Олар ҚХР, Оңтүстік Корея, Вьетнам, ТМД елдері, Қырғызстан, Тәжікстан елдерімен. Бұл келісімдерде Қазақстан азаматтарының болуы осы елдерде мен еңбек қызметі мәселелері реттелген, - деді ол ОКҚ-да өткен брифингте.

Бұған қоса, шетелде қазақстандықтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету бөлігінде 8 жаңа үкіметаралық келісім әзірленген.

Асқарбек Ертаев Қазақстанды Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесіне (EPS) енгізу бойынша тиісті шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

Шығыс Қазақстан облысында осы айдан бастап сапарға дейінгі орталық құру жұмыстары басталды. Орталықтың негізгі міндеті – Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналасқысы келетін үміткерлерді тілдік курстарда оқыту, корей тілін білуге тестілеу, біліктілігін арттыру, - деді комитет басшысы.

Оның айтуына қарағанда, бұл жоба азаматтарымызға Оңтүстік Корея аумағында олардың әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау кепілдігімен 3 жылға дейін заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы