Оңтүстік Кореядағы 179 адам қаза тапқан ұшақ апатының себебі айтылды

Кеше, 08:35
346
Бөлісу:
Оңтүстік Кореядағы 179 адам қаза тапқан ұшақ апатының  себебі айтылды
Фото: Yonhap

Оңтүстік Кореяда құлаған Jeju Air ұшағының апатқа ұшырау себебі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Yonhap агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, 29 желтоқсанда Муан әуежайында Jeju Air әуе компаниясына тиесілі Boeing 737-800 ұшағы құлап, 179 адам қаза тапқан еді.

Зерттеу деректеріне сәйкес, 7C2216 рейсі ұшағының экипажы жергілікті уақыт бойынша сағат 8:54:43-те диспетчерлерге хабарласып, қонуға рұқсат сұраған. Рұқсат берілгенімен, сағат 8:57:50-де диспетчерлерге экипажға құстармен соқтығысу қаупі туралы ескерткен.

Арада бірнеше секунд өткенде ұшқыштар ұшақтың астында құстардың бар екенін растаған. Бейнебақылау жазбасында әуе кемесінің құстармен соқтығысқаны жазылып қалған. Сағат 8:58:50-де қара жәшіктегі жазба бірден өшіп қалғаны айтылды.

Құстармен соқтығысу салдарынан ұшақтың қозғалтқышы істен шыққаны анықталды. Зерттеушілер салдарынан борттағы электр жарығы сөніп, ұшақты басқару мүмкін болмағанын алға тартты.

Сағат 9:02:57-де ұшу-қону жолағына құлаған. Жолақтың бетон қоршауына соғылған соң ұшақ жарылған. Апат кезінде әуе кемесі 150 метрдей биіктікте болып, сағатына 300 шақырым жылдамдықпен қозғалған.

Boeing Бангкоктан Муанға қарай ұшып шыққан. Қайғылы оқиғадан экипаждың екі мүшесі аман қалды. Ұшақ толықтай өртеніп кетті.

Өзгелердің жаңалығы