Оңтүстік Кореяда тасқынға ұласқан нөсерден 44 адам қаза тапты

19 Шілде 2023, 13:43
695
Бөлісу:
Оңтүстік Кореяда тасқынға ұласқан нөсерден 44 адам қаза тапты

Оңтүстік Кореяның өңірлеріндегі сел мен нөсер салдарынан 44 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Рёнхап басылымы таратқан мәліметке сәйкес, іздеу жұмыстары кезінде бір құтқарушы із-түзсіз жоғалып кеткен. 

Сондай-ақ мыңдаған адам үйлерін тастап қашуға мәжбүр болды.

Сонымен қатар адам іздеу операциясына қатысқан тағы бір теңіз жаяу әскері құрбан болды. Оны өзен ағысы ағызып әкеткен. Әріптестері қанша тырысқанымен оны құтқара алмады.

Премьер-министр Хан Док Су апта соңында өңірде тағы да нөсер күтілетінін айтты.

Еске салсақ, Оңтүстік Кореяның орталығында екі күн бойы толассыз жауған жаңбыр су тасқыны мен көшкінге айналды. Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Өзгелердің жаңалығы