Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Оңтүстік Кореяда нөсер салдарынан екі адам қаза тауып, мыңға жуық адам эвакуацияланды

18 Шілде 2025, 00:32
725
Бөлісу:
 Yonhap
Фото: Yonhap

Оңтүстік Кореяда толассыз жауған жаңбыр салдарынан екі адам қаза тауып, шамамен 1000 тұрғын эвакуацияланды. Бұл туралы Yonhap агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ең көп жауын-шашын Оңтүстік Чунчхон провинциясындағы Сосан қаласында тіркеліп, 344 мм-ге жеткен. Апаттан зардап шеккен аудандардың бірі – ел астанасына жақын орналасқан Осан қаласы. Онда көлікке тірек қабырғаның құлауы салдарынан жүргізуші көз жұмды. Ал Сосанда су басқан автокөліктен жүрегі тоқтап қалған адам табылып, ауруханаға жеткізілгенімен, аман қалмады.

Билік Чунчхон мен Кенгидо провинцияларының оңтүстігінде екінші деңгейлі қауіп дабылын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, нөсер жаңбыр сенбіге дейін жалғасуы мүмкін.

Айта кетейік, ұқсас табиғи апат АҚШ-тың солтүстік-шығысында да орын алып отыр. 15 шілдеде Нью-Йорк қаласында қатты жаңбыр салдарынан метрополитеннің жұмысы уақытша тоқтап, төтенше жағдай жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы