Оңтүстік Кореяда әжесінен жәбір көрген бала көз жұмды

Полиция іс бойынша үш адамды тергеуге алды. Олардың қатарында баланың нағашы әжесі, шіркеу пасторы және тағы бір ересек адам бар.

12 Тамыз 2026, 15:17
АВТОР
 The Korea Herald 12 Тамыз 2026, 15:17
12 Тамыз 2026, 15:17
213
Фото: The Korea Herald

Оңтүстік Кореяның Чхунчхон-Намдо провинциясындағы Чхонан қаласында шіркеуде тұрған 11 жастағы бала көз жұмды. Бала қайтыс болардан үш күн бұрын полицияға нағашы әжесінің ұрғанын айтып, көмек сұраған. Алайда оны қауіпсіз жерге орналастырмаған. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

SBS News мәліметінше, тамызда бала өзі тұрған шіркеуден шығып, жақын маңдағы дүкенге барған. Дүкен қызметкері оның сол көзінің астында көгерген із болғанын көрген. Кейін бала полицияға жеткізіліп, алақаны мен табанын әжесінің ұрғанын мәлімдеген.

Полиция мен қала әкімдігі баланы қорғау мекемесіне орналастыруды қарастырған. Алайда баланың жағдайын, денесіндегі жарақаттардың анық байқалмағанын және арнайы мекемелердегі мүмкіндіктерді ескеріп, оны бірден алып кету туралы шешім қабылданбаған.

Келесі күні бала тағы да шіркеуден сыртқа шығып, оны жергілікті мейрамхана иесі байқап, полицияға жеткізген. Бала өзін әжесінің ұрғанын тағы айтқан.

3 тамызда полиция әжесіне қатысты шұғыл шектеу шарасын енгізіп, соттан уақытша қорғау ордерін сұраған. Алайда сот 5 тамызда ордер бермеген. Сол себепті бала шіркеуге қайта оралған.

5 тамыз күні кешке баланың дене қызуы көтеріліп, ес-түссіз күйде жатқаны мәлім болды. Ол ауруханаға жеткізілгенімен, шамамен үш сағаттан кейін көз жұмған. Медициналық қызметкерлер баланың денесінен күш қолданылған жарақат іздерін байқап, полицияға хабарлаған. 

Марқұм баланың ақыл-ойының дамуында ерекшелік болған. 

Полиция іс бойынша үш адамды тергеуге алды. Олардың қатарында баланың нағашы әжесі, шіркеу пасторы және тағы бір ересек адам бар. 10 тамызда пастор қамауға алынды. Ал 11 тамызда сот баланың нағашы әжесін де қамауға алуға ордер берген.

Фото: SBS News

Тағы оқи отырыңыз: Қылмыстық топ Қазақстанда ұсталып, 2 аптада елге қайтарылды: Оңтүстік Корея президенті Тоқаевқа алғыс айтты 

Нұрай Зинелова

Наверх