Оңтүстік Кореяда қызметінен уақытша шеттетілген президент Юн Сок Ёльді ұстауға екінші рет ордер берілді, деп BAQ.KZ тілшісі BCC-ге сілтеме жасап.
Былтыр Оңтүстік Кореяның парламенті ел президенті елде әскери режим енгізгені үшін Юн Сок Ёльге импичмент жариялап, "әскери жағдай енгізуге тырысты" деп айыптады. Осы айыптар бойынша президентті ұстауға екінші рет ордер беріліп, қамауға алынды.
Қамауға алынар алдында президент видеоүндеу жасап, өзінің бұл істі заңсыз деп есептейтінін, алайда қан төгістің алдын алу үшін тергеушілер мен полицияға бағынуға шешім қабылдағанын мәлімдеді.
Мен бұл істі заңсыз деп есептеймін, бірақ артық қан төгістің алдын алу үшін Коррупцияны тергеу бюросына өз еркіммен барамын. Бұл істі бастауға да, ордер беруге де олардың құқығы жоқ, - деді Юн.
Юн елде заң үстемдігінің бұзылып жатқанын айтып, оппозицияны жұмыс істеп тұрған үкіметті парализациялады деді.
Былтыр желтоқсанның басында президент парламентті бақылауға алған оппозициямен күресу үшін радикалды шараларға барып, елде әскери жағдай енгізуге тырысқан.
Юн президенттік міндеттерін атқарудан уақытша шеттетілгенімен, оның қызметтен толықтай шеттетілуі үшін Конституциялық сот импичментті мақұлдауы қажет. Әзірге сот шешімі шықпағандықтан, Юн Сок Ёль ресми түрде президент болып қала береді.
Бұған дейін импичмент жарияланғанына қарамастан, Оңтүстік Корея президентінің жалақысы көтерілгенін хабарлаған болатынбыз.