Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль елде жарияланған әскери төтенше режимнің алынатыны туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТАСС агенттігі таратқан мәліметке сүйенсек, Оңтүстік Корея басшысы жақында министрлер кабинетінің отырысы шақырылады деп отыр. Сондай-ақ ол әскери жағдай режимін қамтамасыз етуге бағытталған әскер кері шақырылатынын айтты.
Юн Сок Ёль кворум жиналған соң әскери жағдайды алып тастайтынын алға тартты. Ел басшысының мәлімдемесін YTN телеарнасы трансляциялады.
Мен министрлер кабинеті арқылы ұлттық құрылтай талаптарын қабылдай отырып, әскери режимді алып тастаймын, - деді Юн Сок Ёль.
Айтуынша, кабинет жиналысқа шақырылған, алайда тәуліктің ерте уақытына байланысты кворум жинау мүмкін болмаған.
Бірақ ұлттық құрылтайдан қарсы мінез-құлық танытпауды өтінемін. Бұл импичмент жасауды қайталап, заңнама мен бюджетті манипуляция арқылы мемлекеттің қызметін шектеуге алып келеді, - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның Кореядағы елшілігі елдегі әскери төтенше жағдайға қатысты қазақстандықтарға үндеу жасаған болатын.