Оңтүстік Корея премьер-министрі президент міндетін уақытша атқару үшін қайта тағайындалды

25 Наурыз 2025, 08:35
568
Бөлісу:
Оңтүстік Корея премьер-министрі президент міндетін уақытша атқару үшін қайта тағайындалды
Фото: bigasia.ru

Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты премьер-министр Хан Док Суға импичмент жариялау туралы бұйрықты қабылдамады, оны президент міндетін атқарушы қызметіне қайта алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Yonhap ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Импичмент беске қарсы дауыспен қабылданбады.

Шешім Ұлттық ассамблея премьер-министр мен президенттің міндетін атқарушыға импичмент жариялаған соң, оның ішінде Юн Сок Ёлдің әскери жағдайды жариялауындағы болжамды рөлі үшін де қабылданған.

Хан Док Су халыққа сөз сөйлеп, өзекті мәселелерді шешуге кірісуге уәде берді.

Бұған дейін Сеул соты көтеріліс жасады деген айыппен қаңтарда қамауға алынған Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Юлды қамауға алу ордерін бұзған болатын.

Президент Юн 2024 жылдың 3 желтоқсанында «мемлекетке қарсы элементтермен» күресу қажет деп, әскери жағдай жариялады. Алайда, бар болғаны алты сағаттан кейін оппозиция бақылауындағы парламент мемлекет басшысының жарлығына қарсы дауыс беріп, күшін жойды. Қаңтар айында депутаттар президентке Конституцияны бұзды деп айыптап, импичмент жариялаған. Енді түпкілікті шешімді Конституциялық сот шығаруы керек.

Өзгелердің жаңалығы