Оңтүстік Еуропада аптап ыстықтың беті қайтпай тұр

21 Шілде 2024, 08:42
486
Бөлісу:
Оңтүстік Еуропада аптап ыстықтың беті қайтпай тұр
Фото: baq.kz

Оңтүстік Еуропада күн шыжып тұр. Мамандар оған Африкадан келген антициклон себеп дейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ал Испанияда қауіптіліктің жоғары деңгейі жарияланды. Кейбір өңірде ауа температурасы 43 градусқа дейін жеткен.

Көрші Португалияда 40 муниципалитетте күннің ыстығына байланысты өрт қаупі туралы ескерту жасалды.

Италияда аптап салдарынан 4 адам қайтыс болды. Елдің 17 қаласында қауіптіліктің жоғары деңгейі жарияланған. Аптап ыстық Римге демалуға келген туристерді де әбден әбігерге салды.

Өзгелердің жаңалығы