Оңтүстік Америка елдері Перу мен Колумбияда орман өрті басылар емес, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Ай басынан бері 222 өрт ошағы тіркелген. Әсіресе Перудің Амазонка аймағында ахуал күрделі. 2 мыңнан астам орман алқабы жойылды. Өрт орман маңындағы ауылдарды шарпып, 98 адам зардап шегіп, 15-і көз жұмды. Ал Колумбияда тіркелген 249 дала өртінің қазірде 10-ы белсенді әрі қауіпті болып тұр.
Өрт сөндіруге әуе күштері сондай-ақ жүздеген маман жұмылдырылған. Мамандардың айтуына қарағанда өрт сөндіруге жауын-шашынның аздығы мен жел кедергі келтіріп тұр.