Онлайн сабақ балалардың көру қабілетіне кері әсер етіп жатыр - дәрігер

19 Ақпан 2021, 20:45
2015
Бөлісу:
Онлайн сабақ балалардың көру қабілетіне кері әсер етіп жатыр - дәрігер

Алматы, BAQ.KZ.  Алматы қаласы №36 емхананың офтальмолог-дәрігері Әлия Найкина балалардағы жиі кездеcетін көз ауруы туралы айтып берді.

Оның айтуынша, соңғы кездері ата-аналар балалардың көру қабілетінің нашарлап кетуімен шағымданып келе бастаған. 

Көбінесе, балаларда «Миопия» диагностикасы немесе басқаша айтқанда алыстан көрмеушілігі кездеседі. Аурушаңдық дәрежесі: әлсіз миопия – 3 диоптриядан аспайды, орташа миопия – 6 диоптриядан аспайды,  жоғары миопия -6 диоптрия және одан аса болып танылады. Клиникалық ағым бойынша күшейетін миопия және күшеймейтін миопия болып бөлінеді және олар туа біткен, сондай-ақ, жүре пайда болуы мүмкін. Алыстан көрмеушілік, қазіргі уақытта балалардың қашықтық түрде оқытылатын ескерсек, түрлі гаджеттерді көп қолданғанның салдарынан өршиді. Балалар көбінесе ұялы телефон арқылы мультфильм көргенді ұнатады, бұл да көру қабілетінің нашарлауына әкеледі - дейді маман.

Сонымен қатар ол балаларға мультфильмдерді теледидардан көрсету қажеттігін айтты. Себебі, оның арасында белгіленген қашықтық болады және 3 метрден жақын отырмау ұсынылады. 

Көзілдірік, жанаспалы линза, ортокератология- түнгі мерзімде киетін линзалар, шұғыл әрекет ететін заттар. Адамның көру қабілеті төмендесе офтальмолог- дәрігерге қаралуы қажет, алайда балалар жиі шағымданбайды. Осы аурушаңдық анықталған жағдайда науқасқа емдеу тәсілі тағайындалады. Жалпы ондлайн сабақтан кейін балаларға күнделікті көзге пайдалы жаттығулар жасау керек, компьютерде отырғаннан соң таза ауаға шығу керек, яғни, бала күн сайын дене шынықтырумен айналысып, компьютерге сирек отыруы керек,-дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы