Жастар жылы. Онлайн диплом – әлемдік тренд

23 Қаңтар 2019, 14:48
4690
Бөлісу:
Жастар жылы. Онлайн диплом  – әлемдік тренд

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Елбасының «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен Жастар жылының ашылу салтанатында айтқан негізгі басым идеясы –Қазақстанда онлайн білім беруді дамыту. Осыған орай Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚСЗИ бөлім басшысы Алуа Жолдыбалина өз ойымен бөлісті.

"Онлайн-университет, онлайн-курстар әлемде 2012 жылдан бастап белсенді түрде дамып келе жатқан тренд. 2017  жылы 700 университет 10 мыңға жуық онлайн-курстар, ал 2019 жылы 900 университет 11400  онлайн курс ұсынуда. Бүгінде 101 млн. Жуық адам онлайн-курстарды оқып, біліктілігін арттырып, білімін жетілдіруде" - дейді ол.

Сонымен қатар Алуа Жолдыбалина 2014 жылы онлайн білім берудің әлемдік нарығы 1,13 млрд доллар құраса, 2019 жылы бұл көрсеткіш 7,69 млрд долларға жетеді деген болжам бар екенін атап өтті.

"Онлайн-тыңдаушылары көп әлемдік ең ірі білім беру платформалары бүгінде американдық Coursera – 37 млн және EdX – 18 млн., қытайлық XuetangX – 14 млн. Онлайн курстардың басым көпшілігі IT-технологиялар, компьютерлік ғылымдар, мәліметтерді талдау, оның ішінде Big data, криптовалюта және нейрондық желілер саласына тиесілі, яғни 38% құрап отыр. Онлайн-курстардың біздің жастар үшін үлкен мүмкіндігі – ағылшын тілі курстарын оқу, ағылшын тілінде ең өзекті ақпарат қолжетімділік, өз біліктілігі мен қызығушылықтарын ескеріп, арнайы мамандану мүмкіндігі" - дейді Алуа Жолдыбалина.

Өзгелердің жаңалығы