Онкологиямен ауыратын 109 адамның құқықтары қорғалды

4 Қараша 2024, 16:46
387
Бөлісу:
Онкологиямен ауыратын 109 адамның құқықтары қорғалды
Фото: BAQ.KZ - архив

Ақмола облысының прокурорлары онкологиялық науқастардың құқықтарын қорғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бас прокуратураның мәліметінше, облыс прокуратурасы мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау заңдылығына талдау жүргізді.

Онкологиялық науқас 109 адамның мүгедектік тобын анықтау үшін медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермеу түріндегі құқықтарын бұзу анықталды. Мысалы, Көкшетау қаласы тұрғындарының бірі 2022 жылдан бері онкологтың есебінде тұрған. Алайда емдеуші дәрігер мүгедектікті, мүгедектік дәрежесін анықтау және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын анықтау мәселесіне бастамашылық жасамаған, - делінген хабарламада.

Қадағалау актісі бойынша медициналық ұйымдардың басшылары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылып, онкологиялық науқастардың мүгедектік дәрежесін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы