Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ДСМ штаттан тыс бас онкологы Диляра Қайдарова мәлімдеді.
2021 жылдың қорытындысы бойынша қатерлі ісіктермен сырқаттанушылықтың 9,8%-ға өсті. Бұл Бұл 100 мың тұрғынға шаққанда 190,3-ті құрады. 2020 жылмен салыстырғанда қатерлі дерттің 4000 жағдайға көбейгенін көрсетті. Бұл COVID-19 жағдайы аясында өңірлерде медициналық көмекке жүгінуге мүмкіндіктері болуымен байланысты орын алды. 2021 жылы обырдың 1932 жағдайы, оның ішінде I сатыда – 49% анықталды, - деп атап өтті Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы.
Оның айтуынша, биыл онкологияны диагностикалау жұмыстары жанданып, оны анықтау деңгейі 27%-ға дейін артқан.
Онкологиялық аурулардың құрылымында бірінші орында - сүт безі обыры, екінші орында - өкпе обыры, үшінші орында - колоректалді қатерлі ісік, төртінші орында - асқазан обыры, бесінші орында - жатыр мойны обыры. Ауырғандардың жас құрылымында 59,8% - еңбекке қабілетті жастағы адамдар, - деді Диляра Қайдарова.
Еске сала кетейік, бұған дейін былтыр елімізде 40 мыңға жуық адамнан онкологиялық аурулар анықталғаны туралы жазған болатынбыз.