Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта 99 тұрғын үйді су басу тіркелді. Бұған дейін сағат 13.00-дегі жағдай бойынша БҚО-ның 172 үйі су астында қалғаны туралы ақпарат берілген болатын, комиссиялық тексерулерден кейін 99 үй су астында қалғаны анықталып, нақтыланды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Ақмола және Қарағанды облыстарындағы жергілікті маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде су тасқыны болды. БҚО Жәнібек ауданы Жақсыбай елді мекенінде су басу салдарынан 108 бас мал қырылды.
Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері 8 елді мекенде 184 тұрғын және 15 саяжай үйлері, 2 әлеуметтік нысан еріген қар суының астында қалды. Павлодар және Ақтөбе облыстарындағы 43 үйден су бұрылды. 841 адам алдын ала эвакуацияланды, оның ішінде 430-ы уақытша эвакуациялау пункттерінде, 411-і туысқандарында орналастырылды. Су басқан 141 тұрғын және 15 саяжай үйлері бақылауда.
Автожолдарда барлығы 24 су тасқыны тіркелді, оның ішінде республикалық маңызы бар – 4, облыстық - 2, жергілікті – 18, оның ішінде автожолдардың 14 учаскесі шайылды: республикалық – 1, жергілікті – 13. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдардың барлық учаскелері қалпына келтірілді, облыстық және жергілікті маңызы бар 14 учаскеде су тасқыны сақталады. Өңірлер аумағында су тасқынынан туындаған ТЖ тәуекелдерін төмендету мақсатында ЖАО және ТЖМ күштерімен 719,65 мың м3 еріген суды сору, инертті материалдары бар 24 191 қап төсеу, сондай-ақ 250 м2 алаңда өзендерде мұз кесу жұмыстары жүргізілді.
Су тасқынына қарсы жұмыстарға ТЖМ, ІІМ және ЖАО-ның 944 адамы, 360 бірлік техникасы, 40 су сорғыш құралы және ТЖМ-нің 8 жүзу құралы жұмылдырылды.
Ағымдағы жылғы 2 сәуірде БҚО-да су тасқыны жағдайының күрделенуіне байланысты Маңғыстау облысынан ТЖМ құтқару бөлімшелерінің тобы жіберілді, жеке құрамнан 43 адам, 4 бірлік техника, 2 жүзу құралы және 6 мотопомпа жіберілді, олар облыстың Тасқала және Сырым аудандарында жұмылдырылды. БҚО Жәнібек ауданына шұғыл шаралар қабылдау үшін Атырау облысы ТЖД құтқару тобы МИ-8 тікұшағымен жіберілді.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша алдағы тәулікте Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, СҚО және Нұр-Сұлтан қалаларында жаңбыр мен қар түрінде аздаған жауын-шашын күтіледі, күндізгі уақытта ауа температурасы +50-тан +200С -қа дейін, түнгі уақытта-30-тан +90 С-қа дейін болады. Ғарыштық мониторинг деректері бойынша қармен жабу алаңы-40% - дан аз, газсыздандырудың басым бөлігі елдің орталық және солтүстік өңірлерінде байқалады.