Өңірдегі өзекті мәселелер: «Әділет» партиясы Абай және Қарағанды облыстарында еңбек ұжымдарымен кездесті

Орман қауіпсіздігі мен өндірісті дамыту: «Әділет» партиясы Жолдаудағы міндеттерді өңірлерде талқылады.

 https://adilet-partiyasy.kz 24 Қараша 2026, 15:11
24 Қараша 2026, 15:11
97
Фото: https://adilet-partiyasy.kz

«Әділет» партиясының өкілдері Абай және Қарағанды облыстарында бірқатар кездесу өткізіп, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді түсіндірді. Кездесулерде орман шаруашылығын дамыту, экологиялық қауіпсіздік, өндірісті жаңғырту және еңбек адамдарының жағдайына қатысты мәселелер талқыланды.

Абай облысы: орманды сақтау және экологиялық қауіпсіздік

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының қызметкерлерімен өткен кездесуде орман байлығын сақтау, экологиялық қауіпсіздікті күшейту және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері қаралды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген экологиялық міндеттердің өңір үшін маңызы және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының осы бағыттағы рөлі сөз болды.

Талқылау кезінде орман өртінің алдын алу, орман алқаптарын қалпына келтіру, материалдық-техникалық базаны нығайту және сала мамандарының еңбек жағдайын жақсарту мәселелеріне назар аударылды.

«Әділет» партиясының өкілі Лилия Мүслімқызы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде алдын алу шараларының маңызын атап өтті.

«Экологиялық қауіпсіздік – елдің ұзақ мерзімді дамуының маңызды көрсеткіші. Орманды сақтау үшін салдармен күресуден гөрі, қауіптің алдын алуға басымдық беруіміз керек. Ол үшін заманауи техника, кәсіби мамандар және жүйелі қолдау қажет», - деді «Әділет» партиясының өкілі Лилия Мүслімқызы.

Қарағанды облысы: өндірісті дамыту және еңбек адамының рөлі

Қарағанды облысының Теміртау қаласында «Qarmet» АҚ сервис қызметінің еңбек ұжымымен кездесу өтті. Онда экономиканы дамыту, өндірісті жаңғырту, еңбек өнімділігін арттыру, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы міндеттер талқыланды. Сонымен қатар өндірістік кәсіпорындардың ел экономикасындағы орны, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы мен еңбек қауіпсіздігі мәселелері қозғалды.

«Әділет» партиясы Қарағанды облыстық филиалының кәсіпорын жанындағы филиалының төрағасы Гүлнұр Әбдіғалиева экономикалық міндеттерді іске асыруда еңбек ұжымдарының рөліне тоқталды.

«Өндіріс саласы – еліміздің экономикалық дамуының маңызды тіректерінің бірі. Ал оның басты күші – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын еңбек адамдары. Мемлекет басшысы өз Жолдауында экономиканы жаңғырту, өндірістік әлеуетті арттыру және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударды. Бұл міндеттерді жүзеге асыруда кәсіпорын ұжымдарының, әрбір еңбек адамының үлесі зор», - деді «Әділет» партиясы Қарағанды облыстық филиалының кәсіпорын жанындағы филиалының төрағасы Гүлнұр Әбдіғалиева.

Кездесу соңында еңбек ұжымының өкілдері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Жиын ашық диалог форматында өтті.

Наверх