Өңірлерде жылыту маусымы жоспар бойынша басталады – Мамин

14 Қыркүйек 2021, 11:49
2996
Бөлісу:
Өңірлерде жылыту маусымы жоспар бойынша басталады – Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин жылыту маусымы уақытында басталатынын айтты.

Мамин атағандай, жалпы өңірлер әкімдіктерімен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім беру, әлеуметтік сала объектілері мен жылу-энергия көздерін жылыту маусымына дайындау бойынша жұмыс жүргізілді. Өңірлерде жылыту маусымы жоспар бойынша басталады.

Әкімдіктер инженерлік желілерде, білім беру, денсаулық сақтау объектілері мен үйлерде жоспарланған жөндеу жұмыстарының бәрін белгіленген мерзімде аяқтасын. Энергия өндіретін және энергия беретін ұйымдармен бірге аса қысқа мерзімде жылыту маусымын өткізуге әзірлік паспорттарын алуды қамтамасыз етсін. Өңірлердің әкімдіктері автономды жылу көздерінің бәрін отынның нормативтік қорымен қамтамасыз етсін, - деп тапсырма берді Үкімет басшысы.
Сонымен қатар көмір тапшылығын болдырмауды да тапсырды.
Көмір тапшылығына жол бермеу үшін өңірлерде көмір жеткізушілермен белсенді өзара іс-қимыл жасасын және коммуналдық-тұрмыстық қажеттілік үшін әрі тұрғындарға отын жеткізуді ұдайы мониторингтеп тұрсын. Өңірлерде кәсіпорындардың жеткізілген газ бен көмір үшін және де тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық берешегін жабу жұмысын күшейту керек, - деп айтты Мамин.


Өзгелердің жаңалығы