Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.
Бүгінгі таңда жекелеген өңірлерде санитарлық дәрігерлердің шешімі негізінде 15 санитарлық бекет қойылды: Алматы облысында - 9, Қостанай облысында - 4, Ақтөбе облысында - 2 бекет және Атырау облысында 4 блок-бекет. Карантиндік іс-шараларға 10 мыңнан астам полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылды. 290 карантиндік объектіні бақылау жүзеге асырылуда. Әуежайларда 18, теміржол вокзалдарында 16 бақылау-пункті орнатылды, - деді министр.
Ерлан Тұрғымбаев әуе және теміржол вокзалдарындағы жолаушылар ағыны 31 мың және 17 мыңды құрап отырғанын атап өтті.
Ең үлкен жолаушылар ағыны Алматыда – 2,5 мың және Нұр-Сұлтанда – тәулік сайын 10 мыңға жуық, - деп қосты ол.
Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вирус жұқтыру жағдайларын тіркеудің шарықтау шегі осы жылдың наурыз айының соңына келуі мүмкін екенін айтқан болатын.