Құрылыс Кодексінің жобасына кейбір депутаттар тарапынан сын айтылғанымен, жобалаушылар Парламент Мәжілісіне енген Кодекс жобасын қолдап жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Өнеркәсіп және Құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, жауапкершілік пен қоғамдық бақылауды күшейту және техникалық реттеу жүйесін регламенттеу, сонымен қатар Кодекс атауына қолдау білдіруде.
Жобалау ұйымдарының ұсыныстары негізі 3 бағыт бойынша, бірінші, қолданыстағы механизмді қайта қарап, жобаны кешенді іске асыру үшін, жоспарлаудан бастап пайдалануға бергенге дейін білікті бір мердігер ұйымға беру, екінші жобалау процесін оңтайландыру, техникалық-экономикалық негіздемеге жобалаудың екі кезеңді «жоба» процедурасын қосу, үшінші жобалау ұйымының басшылығымен техникалық және авторлық қадағалау қызметтерін біріктіру,-деді Тимур Қарағойшин.
Бұл ұсыныстарды уәкілетті орган қолдап отыр.
Жалпы бұл ұсыныстар уақтылы және орынды көтеріліп отыр. Алдымен жобаны басқару механизмі туралы айтатын болсақ, Американдық сарапшылардың пікірінше, бұл әдіс жобаны іске асыруда өте тиімді және шығындарды 10-15%-ға азайтады. Әлемде жобалық менеджментті пайдалану тәжірибесі өте үлкен және барлық ірі компанияларда қолданылады,-деді спикер.