Бақытжан Жүнісбеков Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен Бақытжан Мұратұлы Жүнісбеков Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
1981 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Жамбыл облысы прокуратурасы Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің маманы болып бастаған.
2004 жылы — Жамбыл облысы әкімдігінің «Жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық объектілерді салу және қалпына келтіру дирекциясы» МКК инженер-операторы.
2004-2005 жылдары — Жамбыл облысы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының инженер-механигі.
2005-2006 жылдары — Жамбыл облысы бойынша Сәулет-құрылысты бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы бөлімінің жетекші маманы.
2006-2010 жылдары — Жамбыл облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының жетекші маманы, бас маманы.
2010-2012 жылдары — Жамбыл облысы әкімдігі Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бөлімінің бас маманы.
2012-2013 жылдары — Жамбыл облысы әкімдігі Қаржы басқармасы бөлімінің бас маманы.
2013-2017 жылдары — Жамбыл облысы әкімдігі Білім басқармасы Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы.
2017-2018 жылдары — Жамбыл облысы әкімдігі Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары.
2018-2020 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болды.
2020-2022 жылдары — Жамбыл облысы әкімдігі Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы.
2022-2023 жылдары — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі комитеті төрағасының орынбасары – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасары.
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасары.