Президент елордадағы өндірістік-инновациялық компанияның жұмысымен танысты

1 Қараша 2019, 15:10
2023
Бөлісу:
Президент елордадағы өндірістік-инновациялық компанияның жұмысымен танысты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті "Astana Ютария Ltd" өндірістік-инновациялық компаниясына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

п2.jpg

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби тігін жабдықтарын құрастырумен әрі жеткізумен айналысатын, арнайы киімдер мен басқа да тұрмыстық және техникалық бұйымдар шығаратын мекеменің жұмысымен танысты.

п3.jpg

Президент шығарылатын өнімдердің сапасы мен сұранысқа ие болуын оң бағалап, компанияның экспорттық әлеуетіне назар аударды.

п4.jpg

Қасым-Жомарт Тоқаев мекеме қызметкерлерімен әңгімелесу барысында олардың еңбегінің еліміз үшін маңызды екенін айтты. Сондай-ақ, ол мемлекеттің халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсететінін және осындай жандар үшін жұмыс орындарын ашатын мекемелерге әрқашан көмек беретінін атап өтті.

п5.jpg

Сіздердің фабрикаларыңызды үлкен қызығушылықпен аралап шықтым. Шын мәнінде, бұл қажетті әрі озық өнім шығаратын және жақсы жабдықталған әлеуметтік-жауапты кәсіпорын. Ең бастысы, мұнда сіздер сияқты ісмер адамдар жұмыс істейді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

п6.jpg

Мекеме қызметкерлері фабрикаға келгені үшін мемлекет басшысына алғыс айтып, оның мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Жалпы мекемеде 460 адам жұмыс істейді, соның ішінде 45-і халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жатады.

Өзгелердің жаңалығы