Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев хабарлады.
Оның айтуынша, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын технологиялық жаңғырту бойынша шаралар қабылданатын болады.
Өндіріс көлемін ұлғайтуға және өңдеу өнеркәсібі тауарларының тізімдемесін кеңейтуге ықпал ететін 418 индустриялық жобаны іске қосу жоспарлануда.
Ұлттық жоба шеңберінде 1000 белсенді экспорттаушының сыртқы нарықтарға шығуы, сондай-ақ 350 жуық экспорттаушыны халықаралық электрондық платформаларға шығару қамтамасыз етіледі, - деді Әсет Ерғалиев.
Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп үш Ұлттық жобаны әзірлегені белгілі. Олар – «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» және «Кәсіпкерлікті дамыту», сонымен бірге «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты Ұлттық жобалар.
Еске сала кететін жайт, бұған дейін Үкіметте 16 трлн теңгені құрайтын Ұлттық жоба туралы айтылғанын жазған болатынбыз.