Бұл жайында Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Еске сала кетсек, Новосибирск облысында “Урал әуекомпаниясының" ұшағы апатты жағдайда қонды. Оның бортында қазақстандықтар болғаны жайлы ресейлік БАҚ хабарлады.
Ұшақта қазақстандықтардың бар екені жайлы бізге ақпарат келіп түспеді,- деді Айбек Смадияров.
Убинский ауданына қонған борт "Сочи-Омбы" бағыты бойынша ұшқан. Нақтыланған мәліметтер бойынша бортта 167 адам болған. Алдын ала ақпарат бойынша, әуе кемесі дабыл қағып, содан кейін радардан жоғалып кеткен. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Ұшақтың бортында 159 жолаушы болды, оның ішінде 23 бала, 6 экипаж мүшесі. Оқиғаның себептері мен мән - жайлары анықталуда, - деп хабарлады құтқарушылар.⠀
Baza телеграмма-каналының ақпараты бойынша, ұшақта Қазақстанның төрт азаматы болған.