Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсетілді

Бүгiн, 15:49
438
Бөлісу:
Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсетілді
VIDEO
Фото: Видеодан скрин

Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды прокурорлар қорғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы облысының прокуратурасы "Бақытты және қауіпсіз балалық шақ" жобасы аясында мобильді топтар әлеуметтік осал отбасылардағы балалардың өмір сүру жағдайларына тексеру жүргізуде.

Жалпы 12 784 отбасын аралап, Алатау қаласында мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасын анықтады. Бала ауыр дертке шалдыққан (Краббе ауруы, ақуыз-энергетикалық жеткіліксіздік), алайда оны емдеуге және лайықты өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін отбасы қаржы тапшылығын көрген.

Прокуратура мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күш-жігерінің арқасында отбасына азық-түлікпен көмек көрсетіліп, 3 тонна көмір жеткізілді. Сондай-ақ бала медициналық тексеруден өтіп, облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды, - делінген Алматы облысы прокуратурасының.

Тағы бір алаңдатарлық жағдай шаруа қожалық аумағында вагонда тұрып жатқан үш кәмелетке толмаған баласы бар отбасы анықталды.

Қазіргі уақытта отбасы Қонаев қаласындағы дағдарыс орталығына орналастырылды.

Жоба аясында 911 аз қамтылған отбасына азық-түлік, көмір және балаларға қысқы киім түрінде материалдық көмек көрсетілді. 

3 978 бала медициналық тексеруден өтті, олардың 164-і ауруханаға жатқызылды. 

155 мұқтаж отбасыға атаулы әлеуметтік көмек рәсімделді, 212 бала тұрғын үй кезегіне қойылды, 26 отбасы баспанамен қамтылды, 126 балаларға арналған іс-шара ұйымдастырылды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы