Өмір сұру ұзақтығына әсер ететін өнім анықталды

1 Сәуір 2021, 22:56
3998
Бөлісу:
Өмір сұру ұзақтығына әсер ететін өнім анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық ғалымдар жүргізілген зерттеулер барысында денсаулықты нығайтып қана қоймай, өмір сүру ұзақтығына әсер ететін өнімді анықтады.

«Вечерняя Москваның» мәліметінше, қарақұмықты жиі тұтыну арқылы адамдардың денсаулығы жақсарады.

Жүректі зерттеумен айналысатын америкалық қауымдастық қызметкерлерінің сөзінше, тамақ рационындағы дақылдардың 50%-ы тұтас болуы тиіс. Өйткені олардың құрамында құнарлы заттектер көп. Атап айтқанда жүрек саулығына қажет ниацин мен жасұнық бар. 

Мамандар тұтас дәнді дақылы басым диета мен жүрек-қантамыр аурулары қатері төмендеуі арасындағы байланысты анықтады. Ғалымдардың айтуынша, қарақұмық қан қысымының төмендеуіне септеседі, сонымен қатар жүрек бұлшықетінің қызметін жақсартады. 

Бұдан бөлек қарақұмық дақылы жасұныққа бай. Бұл заттек ішектің қалыпты жұмыс істеуіне көмектеседі. Яғни тағам еш қиындықсыз қорытылады. 

Сондай-ақ бұл дәнді дақылдың құрамында нәруыз мөлшері көп. Нәруызға мол өнімдер адам салмағын бір деңгейде ұстап тұру үшін қажет. Қарақұмық тұтынған адам тез тояды, аз калория тұтынады. Сол себепті қарақұмық арықтағысы келген адамға таптырмас тағам болады. 

Бұған дейін АҚШ-тың Кливленд клиникасының ғалымдары адам өмірін ұзартуға септесетін көкөністерді анықтаған болатын. Зерттеулер кезінде брокколи, брюссель, гүлді және кәдімгі қырыққабаттың адам денсаулығына пайдасы дәлелденген екен.

Өзгелердің жаңалығы