Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады.
СOVID-19-дың «омикрон» нұсқасы эпидемиясының толқыны болуы мүмкін. Сондықтан алматылықтарға вакциналану қажет. Коронавирустың «Омикрон» штамы жаңа қауіп болып табылады, - деп мәлімдеді мегаполистің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.
Сонымен қатар ол жаңа жылдық мерекелердің жақындауына байланысты адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеуге, банкеттерге бармауға, мерекені отбасымен бірге атап өтуге кеңес береді.
Жаңа жылдық мерекелер коронавирустың таралуына себеп болмауы керек. Қаламызда эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Күніне инфекцияның 30-35 жағдайы тіркеледі, бірақ бұл демалуға себеп емес. Коронавирустың жаңа штамы бүкіл әлемде тез таралады және әлемнің 106 елінде, тіпті ұжымдық иммунитеттің жоғары деңгейі тіркелген жерде де анықталды. Жаңа нұсқадан толық қорғау үшін вакцинацияның толық курсы қажет. Ревакцинация да ұсынылады, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Алматының бас санитарлық дәрігері мегаполистегі ұжымдық иммунитеттің деңгейі 58,4%-ды құрайтынын атап өтті. Адамдар вакциналанбаған кезде, мегаполисте мутацияланған штамдардың пайда болу қаупі артады.