«Омикрон» штамы кімдерге қауіпті екені белгілі болды

19 Желтоқсан 2021, 19:53
1171
Бөлісу:
«Омикрон» штамы кімдерге қауіпті екені белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғалымдар коронавирус инфекциясының кімдерге қауіп төндіретінін анықтады.

 Жаңа штам вакцина салдырмағандар мен коронавируспен ауырмағандар үшін оңайға соқпайды деп жазады gazeta.ru.

Әлем дәрігерлері вакцинация «омикронды» жұқтырып алған күннің өзінде, ауружың жеңіл өтуіне көмектеседі деп отыр. Ал бұрын-соңды індетпен ауырмағандар мен екпе алмағандарға сақтанып жүруге кеңес береді.

Зерттеушілердің деректеріне сәйкес, «омикрон» штамын жұқтырып алғандарда мұрынның бітелуі, бастың ауруы, қатты шаршағыштық, жиі түшкіру мен тамақтың ашуы сынды симптомдар орын алады. 

Одан бөлек, жаңа штамға тән сирек кездесетін белгі – тәбеттің жоғалуы деп отыр мамандар.

Өзгелердің жаңалығы