Омикрон. Штамм таралған елдерден астанаға 3 мыңға жуық жолаушы келген

12 Қаңтар 2022, 18:43
1478
Бөлісу:
Омикрон. Штамм таралған елдерден астанаға 3 мыңға жуық жолаушы келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады. Оның айтуынша, соңғы 30 күн ішінде бас қалаға «Омикрон» штамы тіркелген елдерден 2247 жолаушы келген. 

Сондай-ақ ол қала билігі шетелден келген тұлғалардың арасында профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатқанын алға тартты.

2021 жылғы 12 желтоқсан мен биыл 12 қаңтар аралығында Омикрон» штамы тіркелген елдерден 2247 жолаушы келді. Олардың барлығы бір апталық өзін-өзі оқшаулау мен медициналық бақылауға жіберілді. Келген сәтте ешкімнен коронавирус инфекциясы анықталған жоқ. Бірақ арада біршама уақыт өткен соң олардың бірінен «Омикрон» штамы анықталды. 16 желтоқсанда келген жолаушыда ПТР-сынама теріс нәтиже көрсеткенімен, 22 желтоқсан күні тамағы ауырып, тексеру нәтижесінде оң нәтиже шықты, - деп атап өтті Сархат Бейсенова. 

Жүргізілген молекулалық-генетикалық зерттеулер нәтижесі «Омикрон» штамының бар екенін көрсеткен.

Пациент бұрын ревакцинацияланған. Соның арқасында ауруды жеңіл өткізді. Қазіргі уақытта толықтай емделіп шықты, - деп атап өтті елорданың бас санитар дәрігері.

Өзгелердің жаңалығы