Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Омбы – Майқапшағай тас жолында төрт адам қаза тапты

4 Қазан 2025, 04:31
613
Бөлісу:
 Абай облысы полиция департаментінен
Фото: Абай облысы полиция департаментінен

3 қазанда Омбы-Майқапшағай халықаралық тас жолында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық полицияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиғаларға жол ережесін өрескел бұзу себеп болған:

• қарсы қозғалысқа шығу;

• тұтас сызықта кері бұрылу жасау.

Осы заң бұзушылықтардың салдарынан төрт адам қаза тапты, - делінген хабарламада.

Абай облысы полиция департаменті барлық жүргізушілерді жол қозғалысында, көлік жүргізу кезінде аса сақтық пен жауапкершілікке шақырады.

Өзгелердің жаңалығы