Омбы – Майқапшағай автожолында жеңіл автокөлік бұзылып қалған

15 Ақпан 2024, 02:10
439
Бөлісу:
Омбы – Майқапшағай автожолында жеңіл автокөлік бұзылып қалған
Фото: скрин

Құтқарушылар Омбы – Майқапшағай автожолының жабық учаскесінде жолда қалған жеңіл автокөлік адамдарына көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сағат 00:30-да Абай облысы Жарма ауданы Суықбұлақ ауылында Омбы – Майқапшағай автожолының жабық учаскесінде жеңіл машина бұзылып, жолда қалып қойған.

Апаттар медицинасы орталығының Трассалық медициналық-құтқару пунктінің күшімен құрамында 4 адам және 1 бірлік техниканың көмегімен техникалық ақаулы автомашинадан 2 адам құтқарылып, Суықбұлақ ауылындағы ТМҚП-ға жеткізілді, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы