Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Оман жағалауында туристер отырған қайық аударылды, қаза тапқандар бар

Бөлісу:
 Royal Oman Police/X
Фото: Royal Oman Police/X

Оман жағалауында туристер мінген қайық аударылып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Sky News-ке сілтеме жасап.

Оман Султанатының Маскат маңында 25 шетелдік турист пен капитанды және гидті тасымалдаған туристік қайық аударылды. 

Полиция мәліметінше, қайықта Франциядан келген 25 турист болған. Оқиға салдарынан 3 адам қаза тауып, тағы 2 адам жарақат алды.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізілуде.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық туристер мінген катер Пхукет жағалауында суға батқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы