Халықаралық олимпиада жүлдегері, Назарбаев университетінің студенті Әділет Абу Олимпиадаға қалай дайындалатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Олимпиадаға нақты бірнеше ай бойы дайындалған жоқпын. Олимпиада күні белгіленген күннен бастап өзіме тәртіп қойып, сабаққа көңіл бөлдім. Таяған уақытта олимпиаданың есептерін жиі шығаруды әдетке айналдырдым. Негізі, қалыпты түрде жылдар бойы дайындық өтеді, - деді ол.
Жүлдегер Норвегияның Осло қаласындағы олимпиаданың қалай өткенін мәлімдеді.
Мен үшін бәрі ойдағыдай өтті. Оқушылар арасындағы олимпиада Норвегияның Осло қаласында болды. Математика пәнінен болған олимпиадаға 100-ден астам мемлекеттен оқушылар қатысты. Білім жарысында қола жүлде иелендім. Олимпиада тапсырмалары мен күткендей қиын болмады. Жалпы, өзімнің алған орыныма көңілім толады, - деді Әділет Абу.
Оның айтуынша, қазіргі жастардың көбі шетелде білім алғысы келеді. Оның себебінің бірі елімізде ғылымға аса көп көңіл бөлінбейді деп атап өтті Әділет.
Менің ойымша, елімізде ғылымға баса назар аударылса деймін. Мысалы мен олар туралы көп ести бермеймін. Көбірек басымдық беру керек секілді. Өзім шет мемлекетте білім алғым келеді. Кейін елімізге қайтіп оралып, мұғалім немесе ғалым болып жұмыс істеймін деген ойым бар. Шет елдердегі білім қатты қызықтырады, әсіресе, өз басым Азиядағы Қытайдың, Гонконг немесе Кореяның білікті университеттерінде білім алып, тәжірибе жинағым келеді. Елімізге келген соң, сол жиған біліммен бөліссем деймін, - деді Абу.
Еске сала кетейік, Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов беделді халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына сертификаттар мен қазақстандық ЖОО-да оқуға гранттар табыстады. Жеңімпаздарды дайындаған педагог-тәлімгерлер де ақшалай сыйлыққа ие болға еді.