Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Олимпиада жүлдегері Шыналиевтің үндеуіне байланысты іс қозғалды

Бөлісу:
 Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Мәжіліс кулуарында спортшы Шыналиевтің үндеуіне қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Еркебұлан Шыналиев әлеуметтік желіде үндеу жасады. Олимпиада чемпионы Түркияда өзін біреулер қорқытып, мәжбүрлеп кейбір мәлімдемелер жасауға итермелегенін айтты.

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев осы мәселеге қатысты пікір білдірді.

Адам ұрлау фактісі бойынша бір-екі күн бұрын ғана іс қозғалды. Қазір іс тергеу сатысында, - деді прокурор.

Қойгелдиев спортшының арызы бойынша қылмыстық іс қозғанынын қоса кетті.

Бас прокуратура осы фактіге қатысты Түркияға экстрадициялық жолдау жіберген.

Өзгелердің жаңалығы