Токио-2020: Олимпиада ұйымдастыру үшін қанша қаржы жұмсалды?

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Жапонияның Токиодағы Олимпиада ойындарына жалпы шығын 15,4 миллиард долларды құрады.&nbsp;</h4>

 21 Шілде 2021 2021, 07:45
21 Шілде 2021 2021, 07:45
2185

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияның Токиодағы Олимпиада ойындарына жалпы шығын 15,4 миллиард долларды құрады. Бұл жайлы Токио-2020 Ұйымдастыру комитетінің бас хатшысы Тоширо Муто Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) 138-сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олимпиада ойындары коронавирус пандемиясына байланысты бір жылға шегерілді. Байрақты бәсеке 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.

Жапония үкіметі мен Токио басшылығы ұйымдастырған Олимпиада ойындарының жалпы құны 15,4 миллиард долларды құрады, – деді Муто.
Ұйымдастыру комитетінің бас хатшысы турнир бюджеті жарыстың бір жыл кеш өтуіне байланысты қайта қаралғанын атап өтті.
Наверх